Ақмола облысында медицина қызметкерлері өтемақысыз қалды
Ақмола облысы Бурабай ауданында 600-ден астам медицина қызметкері жылына бір рет төленетін сауықтыруға арналған өтемақыдан қағылды. Щучинск қаласында орналасқан көпбейінді аурухана осыдан 6 жыл бұрын жекеменшікке өтіп кеткен. Жұмысшыларға осы уақытқа дейін жәрдемақы мезгілінде төленіп келген. Алайда биыл серіктестік басшылары облыстық денсаулық сақтау басқармасына да, әкімдікке де ескертпестен төлемді өз беттерінше қысқартып тастаған. Онымен қоймай, қызметкерлерге де заңда белгіленген мерзімде еңбекақы төлеу шартының өзгергені туралы хабарламаған.
Зарина Рүстемова ,Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
Жәрдемақыдан қағылған жұмысшылардың еңбек шарттарын қай қарап шықтық. Онда қызметкерлерге өтемақы төлеу туралы ереже қарастырылмаған. Алайда 2023-2025 жылдарға арналған салалық келісімде денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне жыл сайын сауықтыруға арналған төлем төленуі тиіс. Қазіргі уақытта ақ халаттылар өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға хат жазып, өтемақының төленуін талап етуде.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08