Шымкенттік ғалымдар тәттіні алмастыратын өнім ойлап тапты
Елімізде қанттан 200 есе тәтті, бірақ адам ағзасына ешбір зиянсыз өнім тұтынатын кез алыс емес. Шымкенттік ғалымдар стевия деп аталатын тропикалық өсімдікті жерсіндіріп, оның жапырағынан тәттілендіргіш өнім алды. Оны тіпті, сусамыр дертіне шалдыққандардың өзі шектеусіз тұтына алады. Өнім қатерлі ісіктің де алдын алады.
Стевия - Оңтүстік Америкада, Бразилия мен Аргентинада тамыр жайған өсімдік. Күннің ыстығын сүйеді. Шуақ көзі қызған сайын өсімдік бойында тәтті құрамы еселене түседі. Көпжылдық өсімдікті шымкенттік ғалымдардың жерсіндергеніне биыл екінші жыл.
Нұрпейіс Исабаев, ғылыми қызметкер:
Су жеткілікті мөлшерде беріліп тұратын болса жылына 4 рет орып алуға болады. Тағы бір жақсы жері екінші орымында кесіп алған жерінен 2-3 сабақ шығарады. Яғни өнім келесіде көбейеді.
Стевияны өңдеудің әлемде бірнеше түрі бар. Шымкенттік ғалымдар оны өзге технолгиямен өңдеуде. Алдымен өсімдік бойындағы құнарлы зат 60 градус ыстықпен суға таралса, онан кейінгі процесте керісінше буландыру арқылы маңызы сұрыпталады.
Әбдіғани Әзімов, жоба жетекшісі:
Калория О. Екінші жағы шаршау басады. Иммунитетті жоғарылатады. Антисептикалық қасиеттері бар. Асқазан, сол сияқты, қанның дұрыс айналуына көмек беретін өнім.
Стевия 0 градуста үсіп кететіндіктен жергілікті ғалымдар оны жерсіндіру үшін сұрыптау жұмысын жүргізуде. Ол үшін тұқымнан және көшет өндіру тәжірибесін жүргізуде.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Ең тиімді деген технологияның өзінде шикізатты өңдеуге кемі 12 сағаттай уақыт кетеді. Осы мерзім аралығында стевия өсімдігінен мынадай үш түрлі өнім алуға болады. Оның бірі-ұнтақ күйінде, екіншісі- сұйықтық, үшіншісі мынадай кептірілген шәй түрінде. Бұл өнімдер жақын күндері рұқсат қағазын алса тұтынушыға қарай жол тартпақ.
Ғылыми жоба биыл өндіріске енгізілмек. Қазір Түркістан облысының Қазығұрт ауданында 1 гектар жерге стевия өсімдігі өсірілуде. Сондай-ақ ғылыми жетістікті өндіріске енгізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08