Шымкентте аптап ыстықтан өрт көбейді
Оңтүстікте бірнеше күннен бері аптап ыстық. Салдарынан ауруханаға түскендер мен өрт көбейді
Ғани Қалмаханов, тілші:
Шымкентте бүгін ауа темпаретурасы 41-42 грдус. Сая іздеген көпшілік өзендер мен субұрқақтарды жағалап кетті. Әсіресе қаланы қақ жарып өтетін Қошқарата өзенінің жағалауы түс кезінде осылай адамға толып кетеді. Шаһардағы Арбат алаңы, әуежай мен саябақтарды қосқанда осындай 10-нан астам субұрқақ жұмыс істеп тұр.
Айгүл Қасымбекова, қала тұрғыны:
Күн ысығалы үйде отыру мүмкін емес. Шыдамаймыз. Бала-шағамызбен келіп, демалып жүрген жайымыз. Аптасына 2-3 күн, тіпті күнде келеміз десек те болады. Мүмкін емес. Осылай жан сақтап жүрміз ғой.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Күннің ысуына байланысты қан қысымы жоғарылап, ауруханаға түсіп жатқандар көп. Аурханаға соңғы бір аптаның өзінде басынан күн өткен оннан астам адам жеткізілген. Өрт де жиілеп кетті. Төтенше жағдай қызметіне күніне 20-30 қоңырау келіп түседі дейді мамандар. Күн ысығалы мегаполис аумағында 400-ден астам өрт оқиғасы болған. Ауа райын болжау қызметі аптап ыстық ертең де жалғасатынын айтады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02