Қызылорданы қара түтін басты. LIVE
Қызылорданы қара түтін басты. Түске таман қала шетіндегі жеке компанияның ауласында ескі автомобиль дөңгелектері өртеніп, қызыл жалын 800 шаршы метр аумақты шарпыған.
Аймақтағы тілші Әділбек Серікұлы тікелей байланысқа шықты.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Өрт ескі шиналарды қайта өңдейтін компанияның аумағында болған. Отқа оранған жерге өрт сөндіру бригадасынан 9 бірлік техникасы мен 45 маман жұмылдырылды. Жалынды ауыздықтау оңайға соққан жоқ. Өйткені өртенген резеңке дөңгелектерді сумен өшіру мүмкін болмай, көбік шашып қауіптің бетін дер кезінде қайтарды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі де әзір белгісіз. Қазір арнайы мамандар қызыл жалынның қалай тұтанғанын, орын алған жағдайдың себеп-салдарын анықтап жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15