Шымкентте қала күніне орай тұрғындарға алты бірдей жаңа нысан пайдалануға берілді
Шымкенттің республикалық маңыздағы дербес қала мәртебесіне ие болғанына бес жыл толды. Қала күні мерекесіне тарту ретінде бүгін тұрғындарға алты бірдей жаңа нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде білім беру, спорт нысандары мен демалыс орындары және оқушылар сарайы бар.
Балалар шығармашылығын дамыту орталығында екі мың бала білім жолындағы ізденісін жетілдіріп, спортпен шұғыладанады. Өнер үйреніп, қолөнер бұйымдарын жасауға машықтанады. Мұнда 7 бағыт бойынша 30-дан астам үйірме жұмыс істейді.
Меруерт Медетбекова, қала тұрғыны:
Спорт, білім, ғылым саалсы бар, вокал, драма, интелектуалды арттыратын үйірмелер, одан бөлек жас модельерлер дайындалып жатыр. Қандай керемет! Әр балаға қандай бағытта дамығысы келсе, есік ашық. Өте қуаныштымыз.
Қала күні мерекесінде мұнан бөлек ауыр атлетикадан спорт кешені ашылды. Мұнда кәсіби жаттықтырушылар злітемір көтеру, пауэрлифтинг және қол күресінен олипиада резервтерін дайындайды. Ал Абай саябағындағы скейт парк экстремалды спортқа арналған алғашқы алаңша болып отыр.
Сондай-ақ мерекеде ашылған суретшілерге арналған арт студия мен балаларға өнер мектебі де тұрғындарға үлкен тарту болды. Осындай кешенді жұмыстардың нәтижесінде балаларға қосымша білім беру көрсеткіші 82 пайызға жетті.
Мұрат Әйтенов, қала әкімі:
Қалада 2025 жылға дейін бес өнер мектебін салуды мақсат етіп отырмыз. Қазір екеуін салдық. Тағы да үш мектебіміз бар. Оған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әрбір ауданда осындай оқушылар сарайы салынады деп жоспар қойып отырмыз.
Мегаполис атанған бес жылдың ішінде шаһардың экономикалық әлеуеті де қарыштап өсті. 3,7 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Қала қазынасы төрт есеге көбейді. Осының барлығы қаланың әлеуеті мен шырайын күн санап арттырып келеді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08