Қарағанды облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп тұр
Қарағанды облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп тұр. Науқастардың 90 пайыздан астамы екпе алмағандар. Осы айда 9 бала инфекция жұқтырған. Мамандар мұны жазғы демалыс уақытында жұршылықтың шетелге жиі баруымен байланыстырып отыр. «Қызылша - ауа арқылы таралатын, жұқпалы дерт. Уақытылы ем қабылдамай асқындырып алса инфекция өмірге аса қауіпті»,-дейді мамандар.
Жанна Рәшитова - Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Бас маманы:
Қызылшаның сырттан келген жағдайы 67 пайызды құрайды. Түркия, Египет, Тәшкент, Ресей қалаларынан болса, ел ішінде Астана және Алматыға барғандарға жұққан. Науқастардың 93 пайызы вакцинация алмаған балалар. Вакцина алмаған адамдар 100 пайыздық қауіп төндіреді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08