Гүлмира Сатыбалды 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Гүлмира Сатыбалды 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Қызылорда қалалық сотының үкіміне сәйкес 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқара алмайды. Сатыбалды бөтеннің мүлкін иеленіп, талан-таражға салды деп айыпталған еді.
Осы іске қатысы бар тағы 7 адам жазаға тартылды. Айта кетейін, Гүлмира Сатыбалдыға тиесілі компания 2018-20 жылдары Сырдария өзенінің сол жағалауын жылумен жабдықтау жобасын жүзеге асыруы тиіс болатын. Бірақ, ешқандай жұмыс атқармай, ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырған. Ал орындалмаған жұмысқа сол кездегі салаға жауапты қызметкерлер көз жұма қарап, қол қойып жіберген. Сотталушылар мемлекетке 441 миллион теңге залал келтірген. Ұзақ уақыт қаралған қылмыстық іс бойынша барлығының кінәсі дәлелденді.
Жұлдыз Жәкеева, Қалалық №2 Соттың судьясы:
Сотталушы Сатыбалды Гүлмира Қауасқызы, ҚР Қылмыстық кодекстің 189 бабы, 4-ші бөлігі, 2-ші тармағына көзделген, қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Мүлкі тәркілеусіз, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00