Шымкентте АИ-95 маркілі бензин өндірілмейді
Екі ай бұрын ғана жөндеуден өткен Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысы тағы да баяулады. Жылу алмастырғыш қондырғысы бұзылғандықтан АИ-95 маркілі бензинді өндіру мүмкін болмай отыр. Оны ауыстырмаған жағдайда шығын үш есеге көбеймек. Сондай-ақ октанды жоғарылату қоспасы да көп жұмсалмақ. Зауыт өндірісіне қажетті қондырғы Ресейде ғана өндіріледі. Құны шамамен 10 миллион доллар. Жұмысты мүлдем тоқтатпау үшін өнімдерді жартылай өңделген қалпында қоймада сақтауға тура келеді. Бұл бензин бағасының қымбаттауына әкеп соқтырады дейді мамандар. Ал, қондырғыны ауыстыруға қанша уақыт кететінін ешкім айта алмай отыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02