Қызылорда облысында кене шаққан екі адам қайтыс болды
Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегінен екі адам ажал құшты. Аймақта кенеден жұғатын кесел жаз басталғалы өршіп тұр. Дәл қазір өңірдегі эпидахуалды баяндауға әріптесім Әділбек Серікұлы тікелей байланысқа шығуға әзір.
Қайырлы кеш Әділбек, зиянкестерден қанша адам зардап шекті?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Биыл әсіресе, Шиелі мен Жаңақорған аудандарында кене айрықша көп. Өлім-жітімге әкелген екі жағдай да сол оңтүстік аудандарда тіркеліп отыр. Кене шаққан 51 және 77 жастағы ер азаматтар бастапқыда өз бетімен ем қабылдап, қауіпті ауру дендеп кеткен соң медициналық көмекке жүгінген. Ауыр хәлде ауруханаға түскен науқастардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады, дейді дәрігерлер. Жалпы Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққан тағы 8 тұрғын өмір мен өлім арасында жатыр. Мамандар ауру тасымалдағыш зиянкестерден зардап шеккен адамдар 2-3 күн ішінде дәрігерге қаралмаса, соңы қайғылы жағдайға әкеп соғатынын айтады.
Эпидемиологтар көктемде облыс бойынша Конго-Қырым қанды безгегінің таралу қаупі жоғары 106 елді мекенді белгілеген. Қазіргі таңда кенеден келетін кесел Қызылорда қаласында және Сырдария, Қармақшы, Шиелі аудандарында бір жағдайдан тіркелсе, Жаңақорған ауданында 4 дерек нақтыланып отыр. Жалпы жыл басынан бері аймақта 600-ден аса адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15