Қызылорда облысында Конго-қырым безгегінен үш адам көз жұмды
Қызылорда облысында он күн ішінде үш адам Конго-қырым қанды безгегінен көз жұмды. Мамандар ауру тасымалдағыш зиянкестерге қатысты эпидахуал күрделі дейді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Жаз басталғалы өңірде 30 адам Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен бақылауға алынып, соның 10-нынан қауіпті кесел анықталды. Екі адамның көз жұмғанын бұған дейін айтқанбыз. Өкінішке орай, қанды безгектен тағы бір тұрғын қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың ең жасы 32-де. Қазір аймақта аурудың өршіп тұрғанына қарамастан қансорғыштарға қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жергілікті биліктің күн тәртібінде жоқ. Өйткені, ережеге сәйкес дизенфекциялау ерте көктемде және күзде ғана жүргізіледі дейді салаға жауаптылар. Сондықтан далалық жерлер мен қора-қопсыда мал жайғайтын тұрғындарға тек сақ болудан басқа амал жоқ.
Әлия Әбдіқайымова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Кенені улайтын акарецептік препараттардың, дәрілердің күші минимальді екі аптаға, максимальды бір айға ғана жетеді. Екінші жағдай бұл акорецептік препараттар бұл концентрациясы кенелерді өлтіре алмайтынына біздің толық көзіміз жетіп отыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Облыс аумағында Конго-Қырым қанды безгегін тасымалдайтын кененің 16 түрі бар. Эпидемиологтар улы зиянкестер тараған 106 елді-мекенді айқындаған. Бірақ, ауру ошақтары басқа да ауылдардан шығып жатыр. Мамандар тұрғындарды кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуді сұрайды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15