Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 7 мұғалім анықталды
Маңғыстау облысында жалған дипломмен жұмыс істеген 7 мұғалім анықталды. Олар осы кезге дейін алған үстеме ақысын мемлекетке қайтаруы тиіс.
Қазір іс сотта қаралып жатыр. Тағы бір педагог қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оған 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Жалған дипломның арқасында табыс тапқан мұғалімдер Мұнайлы ауданындағы мектепте жұмыс істеген. Қазір барлығы қызметтен босатылды. Тексеру әлі де жалғасып жатыр. Бұған дейін колледждерде заңсыз сабақ берген 8 адам анықталған болатын.
Біржан Хайруллин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Жалпы білім саласындағы мекемелердің басшыларына айтып жатырмыз. Мұғалімдер біздің болашақ мамандарды дайындайтын болғандықтан оларға мұндай фактінің алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізу ұсынылды. Биыл 10 адам жұмысқа қабылдаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жүргізу арқылы оқу орындарына сұраныс жолдауға болады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15