Жетісу облысында балаларын сатқан ана ұсталды
Жетісу облысында балаларын сатқан ана ұсталды. 23 жастағы келіншек қыркүйек айында жаңа туған нәрестені баласы жоқ отбасыға 1 миллион теңгеге берген. Тексеру барысында дәл осы азаматшаның былтыр қазан айында бір жастағы ұлын 1 миллион теңгеге бағалап, басқа бір отбасыға табыстағаны белгілі болды. Қылмыстық істе делдал болған және сатып алушы ретінде қатысқан азаматтар күдікті деп танылып отыр. Жалпы елімізде жыл басынан адам саудасына қатысты 30 қылмыстық іс ашылды. Оның ішінде еңбек құлдығында ұстаудың үш дерегін, адам ағзасын саудалау бойынша екі жағдай, жезөкшелікпен айналысуға күштеп мәжбүрлеудің 3 дерегі бар.
Меруерт Морякова, Жетісу облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:
Әйелге қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды. Ал балалардың екеуі де асырап алған ата-аналарының қолында.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02