Жас ғалымдарды қолдау артады
Жоғары оқу орындарындағы ұстаздардың жалақысы мектепте сабақ беретін мұғалімдердің айлығынан төмен. Ал өңірлерде жас ғалымдардың кейбір әлеуметтік мәселелері шешілмей келеді.
Талдықорғанға іссапармен келген Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке өңірдегі университет қызметкерлері осындай мәселелерді көтерді. Ведомство басшысы биылдан бастап профессорлық құрамның жалақысы 20 пайызға өсетінін және олардың жобаларына мемлекет тарапынан гранттар бөлінентінін жеткізді. Жас ғалымдарға пәтер бөлу мәселесі де қарастырылып отыр. Жалпы алдағы үш жылда бұл салаға 650 млрд теңге қаржы бөлу қарастырылуда деді.
Райгүл Желдібаева, философия ғылымдарының PHD докторы:
Жай ғана магистратураны бітіріп, қатардағы оқытушылардың жалақысы әлі де төмен деңгейде. Бірақ министр мырза айтқандай, бұл қолға алынып, болашақта оқытушыларға да жыл сайын 20 пайыз жалақы үстіне қосылып отырады. Бұл жайт бізді өте қуантты.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Осы жылға жақсы жаңалық дайындап жатырмыз. Жас ғалымдарымызға бір 200 пәтер бөлінетін болады. Жыл сайын осы заңның аясында жас ғалымдарға, жоғары оқыту орындарының оқытушыларына, профессорларына баспаналарды, жалпы тұрмыстық жағдайларын жақсартуға жүйелі механизмдер көзделген.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02