Мемлекет Басшысы «Тұран» газ жылу станциясына барды
Президент «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының және үшінші жылу электр орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Мемлекет басшысына аталған газ жылу станциялары биылғы жылыту маусымының басынан бастап, іске қосылатыны жөнінде баяндалды. Жыл аяғына дейін үшінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Үш жаңа нысан қаланы қосымша жылумен қамтамасыз етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда халқының саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқанына байланысты қосымша су көздерімен қамтамасыз ету жолдарын іздеу қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ қаладағы жаңа жылу нысандарының құрылысын уақытылы аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15