Маңғыстауда қоқыс полигоны өртенді
Маңғыстауда тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты. Баянды ауылының маңындағы қоқыстың бықсып жанып жатқандығы туралы хабарлама кеше кешкі 19:00-де түскен. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер полигонның үстіндегі қызыл жалынды өшірді. Алайда, үсті-үстіне үйілген қоқыстың астыңғы жағындағы бықсыған аумақты ауыздықтау қиынға соғуда. Себебі, жел күшейіп әрі, бағыты құбылмалы болып тұр. Соның салдарынан бықсыған аумақ 1 мың шаршы метрге жетті. Бүгін мамандар өртті ауыздықтау жұмыстарына қайта кірісті. Айта кетейін, полигонға Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданынан шығарылған тұрмыстық қатты қалдықтар төгіледі. Қазір мұнда 425 мың тонна қоқыс үйілген.
Нұрлыбек Айжарықов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары
Мусордың қалыңдығы 18 метрге дейін барады кейбір жерлерінде. Сол себепті жанып жатқан қоқыс ол төмен қарай түсе береді. Енді оның үстін, құммен топырақпен бүркеп, кислородтың баруын тоқтатуымыз керек. Желдің бағыты өзгеруіне байланысты мынау жолды түтін алып кетіп, кейбір кездері жүруге мүмкіндік болмай қалып жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05