Талдықорған қаласының тағы бір ықшам ауданы көгілдір отынға қосылды
Талдықорған қаласының тағы бір ықшам ауданы көгілдір отынға қосылды. Осылайша облыс орталығын табиғи газбен қамту жұмысы 60 пайызға жуықтады. Президент тапсырмасымен Жетісудың бас шаһарын 2025 жылға дейін толық газдандыру міндеті тұр.
Көгілдір отынның алауын алғаш болып Жастар-2 ықшам ауданының тұрғындары өздері жақты. Жеке тұрғын үй секторы үшін бұл шынымен де үлкен қуаныш. Пеш жағу машақатынан құтылып, отбасылық бюджет үнемделетін болды, дейді елді-мекен халқы. Бұл шағын ауданда 500-ден астам шаңырақта 1,5 мыңға жуық тұрғын бар.
Мұхит Жанбаев, қала тұрғыны:
Былтыр қыста 6-7 тонна көмір жақтық. Ол қалтамызға кәдімгідей шығын келтіреді. Енді көгілдір отынымыз келіп, жақсы болды.
Талдықорған қаласын газдандыру жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Қараша айының соңында өркениет игілігін Ынтымақ ауылының тұрғындары көретін болады. Мұнан бөлек 12 саяжай массиві мен Мойнақ елді-мекені бар.
Ернат Бәзіл, қала әкімі:
Бізде 22-ші пусковой комплекс деген бар. Қаланың ортасында қалып қалған адрестер. Соған 1 млрд 400-ге жобамыз бар. Биыл 400 млн ақша бөлінді. Келесі жылға 1 млрд ақша бөлінеді. Соны біз келесі жылы Мойнақпен қалып қалған адрестерін толық бітіреміз.
2025 жылы облыс орталығы 100 пайыз табиғи газбен қамтылады. Мұнан бөлек Талдықорған-Үшарал бағытында магистральді газ құбыры тартылады. Осылайша Ақсу, Сарқан және Алакөл ауданының 66 ауылына көгілдір отын жеткізу жоспарланған.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02