Дезинфекция жасайтындар жаппай лицензия алуы тиіс
Қандаланың уынан балалар қапыда көз жұмуда. Мұндай қасіретке жол бермеу үшін тұрғындар арнайы мекемелерге жүгінуі керек. Ал дезинфекция жасайтындардың қызметі заңдастырылып, жаппай лицензия алуы тиіс. Қандаланың уынан зердап шегу деректеріне қатысты қылмыстық іс қазір қатаң бақылауда. Мұндайда кінәлі адамды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айта кетейін, осыдан 10 күн бұрын Ақтауда қандаланың уынан 7 адам зардап шегіп, 2 сәби қаза тапты. 5 күннен кейін басқа мекен-жайда тап осындай оқиға қайталанып, 5 адам уланды. Оның 3- еуі бала. Абырой болғанда бәрі де аман қалды. Осыдан кейін прокуратура құзырлы органдармен бірге тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын бастады.
Ерғожа Төретаев, Маңғыстау облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:
Өкінішке орай, бұндай жағдайлар бізде жыл сайын былтыр да яғни, биыл да орын алып отыр. Оның ішінде жанға бататыны, үлкендердің бұл әрекетінен кішкентай балаларымыз зардап шегіп отыр. Бүгінгі таңда қылмыстық істер бойынша сот-химикалық-токсикологиялық сараптамасы тағайындалуда.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жол ережесін өрескел бұзатындарға жауапкершілікті күшейту керек пе?
05.04.2026, 19:53
Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасына қалай әсер етті?
05.04.2026, 19:48
Енді кімдерге несие алу қиындайды?
05.04.2026, 19:37
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08