Шығыс Қазақстанда малдың өлексесін көметін қорымдар ашық жатыр
Шығыс Қазақстан облысында Сібір жарасынан өлген малдарды көмген 100-ден астам қорымның 95-і ветеринарлық талапқа сай емес. Мұны саланың жұмысына мониторинг жүргізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері анықтады.
Сондай-ақ, малдың өлексесі көмілген орындар үйлерге немесе мектепке жақын аумақта жатқаны белгілі болды. Кейбірінде арнайы ескертпе белгі де қойылмаған. Мұндай келеңсіз деректер Күршім, Тарбағатай аудандарында анықталды. Тіпті Өскеменнің іргесінде малдың өлексесі көмілген аумақтың қоршауы да жоқ.
Архат Бейсембаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма басшысы :
Қоршалғаны бар, қоршалмағаны бар, не болмаса ескерту белгілері жоқтары бар. Солардың барлығын тиісті деңгейге жеткізіп, қоршап жөндеу керек. Біреуі білуі мүмкін біреу білмеуі мүмкін бірақ заң талаптарына сәйкес болуы керек.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дубайда бокстан әлем біріншілігі жалғасуда
08.12.2025, 17:35
Каспий теңізінің проблемасын солтүстікте талқылады
08.12.2025, 17:33
Мектеп оқушысы министрлікпен меморандум жасады
08.12.2025, 17:30
Түркия «Бозоқ» қалашығын зерттеуге ынталы
08.12.2025, 17:27
Өзбекстан Қазақстан тауарларын негізгі сатып алушыларының біріне айналды
08.12.2025, 17:24
Абай облысында өрт сөндіру бекеті ашылды
08.12.2025, 17:21
ШҚО орманшылары бақылауды күшейтті
08.12.2025, 17:18
Әлеуметтік желідегі контент таңбалануы мүмкін
08.12.2025, 17:15