Ақтауда заңсыз салынған 28 ғимарат сүріледі
Ақтауда заңсыз салынып жатқан 28 ғимарат сүрілмек. Құрылысты тоқтатып, бұзу жөнінде соттың шешімі шықты. Бұған дейін 3 бірдей нысан сүрілген болатын. Бүгін тағы да заңсыз салына бастаған бір тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Сот шешімімен сүріліп жатқан құрылыс 19-шағын аудан 12-учаскеде орналасқан. Мұнда көп қабатты тұрғын үй кешені салына бастапты. Ірге тасы қаланып жатқан нысан қазір сүріліп жатыр. Себебі, нысан заңсыз деп танылған. Бұған дейін қалада өндірістік аймақта орналасқан қонақ үйдің құрылысы сүрілді. Сондай-ақ жұмыс жобасы, сараптама қорытындылары жоқ бола тұра басталған 2 бірдей тұрғын үйдің құрылысы бұзылды. Нысан иелеріне құзырлы орган тарапынан бірнеше ескерту берілген. Алайда, талап орындалмай, сот шешімімен, мәжбүрлі түрде құрылысты тоқтатуға тура келген. Бүгінде Ақтауда 28 заңсыз құрылысты бұзуға сот шешімі шықты. Өткен жылы да 120 нысанның иесі жауапкершілікке тартылып, 90 миллион теңге айыппұл салынған еді.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15