Жамбыл облысында химиялық қауіпті аумақтан жер бермек болған
Жамбылдағы Жаңатас қаласының шенділері тұрғындарға химиялық қауіпті аумақтан жер телімдерін бермек болған. Аудандық әкімдік зиянды зауыттың қасынан жер үлестіруді 5 жыл бұрын бас жоспарға бекітіпті. Ондағы 61 учаскі өндіріс орнына небәрі 300 метрге жақын жатыр. Сарысу прокуратурасы санитарлық-қорғау аймағындағы телімдерді тұрғындарға таратудың жолын кесті. Заңсыздық Жаңатас қаласының даму картасын қайта қарау кезінде анықталған. 2018 жылы жасалған жаңа ауданның жоспарында бірде-бір өкілетті орынның рұқсаты жоқ. Сан-эпид бөлімі мен экология департаменті де бейхабар болып шығады. Ал рұқсат берген аудандық сәулет-құрылыс бөлімінің басшысы бүгінде қызметте емес. Ал шағын шаһарда 1240 адам жер кезегінде тұр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05