Солтүстік Қазақстанда 220 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Солтүстік Қазақстанда 220 мың гектар жер мемлекет меншілігіне қайтарылды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай, бос жатқан. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жер ресурстарын басқару департаментінің мамандары прокурорлармен бірлесіп, биыл өңірде 40-қа жуық тексеріс жүргізді. Нәтижесінде заңға қайшы 28 дерек анықталды. Жер кодексін бұзған шаруаларға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Жекенің қолына заңсыз өтіп кеткен жер телімдері бойынша тиісті материалдар жинақталып сотқа жіберілді.
Бақытжан Бекіш, облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы:
44 талап-арыз сотта қаралып жатыр. Себебі, жерді жалға алған азаматтар, оны өз еркімен қайтарғысы келмейді. Жыл соңына дейін біз 330 мың гектар жерді мемлекет иелігіне қайтарамыз деп жоспарлап отырмыз. Кейін бұл учаскелердің бір бөлігі ауыл тұрғындарына жайылымдық жер ретінде берілетін болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15