Ақмола облысының 214 мыңнан астам тұрғыны Астанаға қатынап жұмыс істейді
Ақмола облысының 214 мыңнан астам тұрғыны Астанаға қатынап жұмыс істейді. Олардың дені – Қосшы, Қоянды, Талапкер сынды елді мекен тұрғындары. Енді осы халық көп шоғырланған жерлерді өңір тарапынан дамыту қолға алынбақ. Самал Қабышева толығырақ баяндайды.
Самал Қабышева, тілші:
Күндіз Астанада, түнде Ақмола облысында. Осылай Астанаға қатынап жұмыс істейтін облыс азаматтарының саны күн санап артып келеді. Алайда олар тұратын елді мекендердің инфрақұрылымы жөнді дамымаған. Енді, осы халық көп шоғырланған жерлердің тұрғындарына жақсы жағдай жасау жоспарланып отыр.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
214 мың біздің Ақмола облысының азаматтары Күндіз Астанада түнде Ақмола облысында түнейді екен. Маятник сияқты миграция. Бұл көші-қон миграциясы. Оны тоқтату үшін біраз мәселе қарастырып жатырмыз. Үкіметтік жоба, Үкіметтік қаулы дайындап жатырмыз. Астана акиматымен бірлесіп, оның ішінде 300 шара, жаңа мен айтып кеткен сумен, жылумен, газбен, жарықпен қамтитын, қолайлы жағдай туғызу ғана емес. Ол жерге жақсы мектеп керек. Ақпан айында қаулы шығады деп ойлаймыз.
Самал Қабышева, тілші:
Үш ай бұрын ғана ішкі істер министрі, қазір Ақмола облысының әкімі қызметін атқарып жатқан Марат Ахметжановтың жоспары осындай. Жалпы, биыл Ақмола облысына 530 млрд теңгенің инвестициясы тартылыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Нәтижесінде, 1,5 мыңнан аса ақмолалық тұрғын жаңа жұмысқа орналасқан. Өңірдің жауһары саналатын Бурабайға баратын турист қатары да жыл санап артып келеді. Облыс әкіміінң айтуынша, осы туризм әлеуетін арттыру үшін жалпы құны 23 млрд теңгенің, 65 инвестициялық жобасы жүзеге асып жатыр.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00