Жамбылда ерікті жастар еңбекке жарамсыз жандарға жәрдемдесті
Жамбылда ерікті жастар асарлату арқылы еңбекке жарамсыз жандардың үй шаруаларына көмектеседі. Бүгін де бір топ ерікті Гродекова ауылындағы 42 жастағы жалғызбасты ананың үйіне барды. Таньяна жарты жыл бұрын жолдасынан көз жазып қалды. Асыраушысынан айырылған ана 60 мың теңге жәрдемақы мен үй құстарының жұмыртқасын сатып күнелтеді. Ал дала жұмыстарын атқару ауыр болғандықтан, еріктілердің қолдауына дән риза. Айта кетейік, еліміз бойынша жамбылдық еріктілер соңғы екі жылда ең көп грант ұтып, 15 млн теңгеден астам қаржыға қол жеткізді. Өңірде 13 волонтерлық ұйым мен 109 бастамашы топ жұмыс істейді. Биылдың өзінде 2 мың жас еріктілер қозғалысына қосылған.
Татьяна Крывошлыкова, ауыл тұрғыны:
Қысқа дайындалу керек деп жүр едім. Еріктілер келіп, көмек қолын ұсынды. Ағашымды жарып, ауламды тазалап берді. Көп рақмет.
Алина Әбдір, ерікті:
Біз әркімге көмектесеміз ғой енді, бірақ бірде-бір ақы алмаймыз. Біз рухани ләззат аламыз. Бұл істі біз сауап ретінде қабылдаймыз. Қазіргі таңда қоғамда бір-біріне көмектесу, қол ұшын созу сирек. +Біз бұл ісіміз арқылы қоғамда кішкентай болса да мейірімділік мәдениетін қалыптастырғымыз келеді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті
16.09.2026, 20:04
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 20:03
Еуропада жанармай қымбаттап, инфляция күшейді
16.09.2026, 20:02