Ақтауда балаға зорлық көрсеткен тәрбиешінің әрекеті тексерілуде
Ақтауда балабақшалардың бірінде бүлдіршінге күш көрсетілді. Оқиға 28-шағын ауданда орналасқан балаларды ерте дамыту орталығында болды. Тәрбиеші сәбилерді жатқызарда, бір баланы жұлқып, жастыққа лақтырып жіберген. Ата-ананың шағымынан соң, осы іске қатысты тергеу басталды. 30 жастағы тәрбиешінің әрекеті тексерілуде. Ал, бала 1 жас 7 айлық. Оның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған. Айта кететін жәйт, аталған жеке меншік балабақша білім бөлімінде тіркелмеген.
Ақбөбек Құбығұлова, Ақтау қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің маманы:
Мемлекеттік білім беру тапсырыстарын алмайды. НОВД деректер қорында жоқ. Демек бұлар бұл балабақша заңсыз жұмыс жасап жатыр деген сөз. Кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейту керек деп ойлаймын. Әзірге мораторий тағы да ұзартылды. Сондықтан тікелей барып, қарауға құзырымыз жоқ болып тұр әзірге.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15