Жамбыл облысында алты өңірде жол жабылды
Ақтүтек боранның салдарынан алты аймақта жол жабылды. Көлік министрлігінің хабарлауынша жағдай әсіресе Жамбыл мен Түркістан облысында күрделі. Айналасы екі күннің ішінде автожолдарда қалған 5 мыңнан астам адам құтқарылды. Оның 300-ге жуығы бала.Эвакуация жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Шымкент-Тараз бағыты бойынша Шұқырбұлақ елді мекенінің аумағында шамамен 400 техника, Шақпақ ауылының маңында 230 көлік кептелісте тұр. Олардың ішінде 1200-ге жуық адам бар. Азаматтар жылыту пункттеріне орналастырылуда. Жол аршу жұмыстары жалғасып жатыр.
Сәтжан Аблалиев, ҚР Көлік министрінің орынбасары:
Түркістан облысының шекарасынан Таразға дейінгі жол толықтай тазаланып бітті. Бірақ, ол жерде қозғалысты әзір аша алмаймыз. Неге десеңіз, олардың түркістанға шығатын жолы толық ашық емес.Және тараздан, аспарадан, отарға дейінгі жолдар бүгін толығымен жабық.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15