Петропавл жылу орталығында жұмысшы тапшы
Петропавл жылу электр орталығына 500 жұмысшы жетіспейді. Басты себеп – жалақының аздығы. Қазір кәсіпорында 2 мың адам еңбек етеді. Өңірге жұмыс сапарымен барған Мәжіліс деутаты Ирина Смирнова жылу орталығының ұжымымен кездесті. Компания басшылығының сөзінше, қазіргі тариф еңбекақыны көтеруге мүмкіндік бермейді. Нысанда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Инвестициялық бағдарлама аясында төрт қазандық, екі мұржа күрделі жөндеуден өткізіледі.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жұмыс қиын әрі қауіпті. Сондықтан мұнда жас мамандар келмейді. Бұл мәселе мемлекет деңгейінде шешілуі тиіс. Жалақыны облыс немесе республикадағы орташа көрсеткішпен теңестіру қажет. Мұндай кәсіпорындарда еңбек ететін адамдардың зейнет жасын азайту керек деп есептеймін. Бұл мәселені депутат ретінде бірнеше рет көтердім.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08