Президент: Энергетикалық секторды жедел жаңғырту керек
Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету керек. Жыл сайын жылыту маусымында, бір проблемалар қайталана береді. Президент бұл мәселені Үкімет пен әкімдердің негізгі міндеті деп атады. Мәселен, Алматыдағы екінші жылу электр орталығындағы бу-газ қондырғысының құрылысы созбалаңға түскен. Екібастұздағы бірінші ГРЭС-тің энергоблогын қалпына келтіру жұмысы он жылдан бері аяқталмай келеді. Сондай-ақ, Екібастұздағы екінші ГРЭС-ті кеңейту және күрделі жөндеу жобасы уақтылы жүзеге асырылмай жатыр. «Үкімет ең алдымен, биыл апатты жағдайдағы 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауы тиіс»,- деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жалпы, еліміз электр, жылу, су өндіру және жеткізу қуатының тапшылығын сезініп отырғаны жасырын емес. Балқаш жылу электр орталығы құрылысының аяқталмай қалуы, табиғи монополия субъектілерінің ашық жұмыс істемеуі, сондай-ақ тарифтердің өсімін қолдан тежеу – осының бәрі кезінде жіберілген қателіктердің салдары. Салаға түбегейлі реформа жүргізген жөн. Ол үшін жүйелі жұмыс атқару қажет.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01