Жамбыл облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
Жамбыл облысы Жуалы ауданында қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды. Оның төртеуі – шетелдік. Қытай азаматтары Шымбұлақ ауылынан 8 шақырым жердегі тау бөктеріне бармақ болған. Бірақ көліктері бұзылып, қозғалыссыз қалады. Аязды күні айдалада қалған туристер 112 құтқару қызметіне өздері хабарласқан. Жедел жеткен өрт сөндірушілер оларды Бауыржан Момышұлы ауылына жеткізді.
Айта кетейік, Жуалы жері Жамбыл облысының ең биік нүктесі. Сондықтан теңіз деңгейінінен 2 мың метр биіктікте жатқан ауданның қысы қалың әрі боранды келеді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
Оншақты жыл тоқтап тұрған жобалар қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Үкімет мүшелері Жолдау бойынша ел аралап жүр
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05