СҚО-да қорықшылар жабайы жануарларды қолдан азықтандырып жүр
Солтүстік Қазақстан облысында жабайы жануарлар қыстан аман шығуы үшін қорықшылар оларды қолдан азықтандырып жүр. Жазда 12 мың центнер шөп, 10 мың центнер бидай қалдығы, 680 мың дана сыпырғыш әзірленген еді. Әзірге қор жеткілікті. Мамандар биыл қар қалың болғандықтан жабайы жануарларға тебіндеу қиынға соғып тұрғанын айтады. Өңірде 47 аңшылық шаруашылық бар. Оларда жем-шөп салуға арналған орындар қарастырылған. Былтырғы есеп бойынша, облыс аумағында 1600-ден астам марал, 3 мыңға жуық қабан, 20 мыңға жуық елік мекендейді.
Дмитрий Лавриненко, «Соколовское» аңшылық шаруашылығының жетекшісі:
Қыста әсіресе қабандар қорек таппай қиналады. Ал еліктер жем іздеуге дағдыланған. Алаңқайларға апта сайын жем-шөп жеткіземіз. Бұл жұмыс қар ерігенше жалғасады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08