Елімізде қоқыс өңдейтін 37 зауыт салынады
Елімізде қоқыс өңдеу жұмысы әлі күнге жолға қойылмай отыр. Министрлер мен әкімдер бұл істі созбалаңға салып жіберді. Осылай деген премьер-министр жауаптыларды сынға алды. Оның сөзінше, қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналған. Мәселен былтыр елімізде 4,1 млн тонна қатты қалдық жиналса, оның тек 1 млн-ы ғана өңделген. Қоқыс шығаратын мыңға жуық көлік жетіспейді. 60 мың контейнер тапшы. Осы ретте жаңадан 37 қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелер берілмек. Оған 200 млрд теңге бөлінеді.
Ерлан Нысанбаев, ҚР экология министрі:
Бұл қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу қуатын салуға бағытталған. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі қарыз беру мерзімін және 3 пайыздық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15