Сергеев қоймасындағы су деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті
Солтүстік Қазақстан облысындағы негізгі гидрологиялық нысандардың бірі Сергеев қоймасында судың деңгейі антирекорд орнатып, бұрын соңды болмаған межеге жетті. Өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова, студиямен тікелей байланыста.
Эльмира Кәленова, тілші
Бөгет үстінен ағып жатқан судың биіктігі 4 метрден асады деген болжам бар. Есіл өзенінің бойында орналасқан 30-дан астам ауыл мен Петропавл қаласына қауіп төніп тұр. Шағын өзен-көлдердің де деңгейі көтерілуде. Басым бөлігінде мұз көшкіні жүріп жатыр. Облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Ерік Сарыбаев барлық аудандарда жедел штаб жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
Ерік Сарыбаев, СҚО ТЖД бастығы
Сергеев су қоймасынан төменде орналасқан барлық елді мекендерде алдын алу шараларын қарқынды жүргізіп жатырмыз. Бұл дегеніміз - құм мен қаптардың мөлшерін көбейту, эвакуациялық іс-шараларды пысықтап, бөгеттердің деңгейін биіктету. Және де осал жерлерін күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Соңғы ақпарат бойынша 30-дан астам үйді су басып, 100-ден артық адам қауіпсіз жерге көшірілді. 25 жол учаскесін су басып қалды. 18.00 дегі эфирде біз тағы тарқатып айтамыз. Ләйлә, сөз өзіңде
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08