Түркістан облысы табиғи парк аумағына көшет отырғызылды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» мекемесінің қызметкерлері де атсалысты. Мыңға жуық көшет егілді. Демалыс орынының аумағы алма, өрік, үйеңкі, қайың және қарағашпен толықты. Ағаш түптері әктеліп, 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Былтыр мұнда 4 мыңнан астам шаған, үйеңкі, қарағаш, боз арша, жиде көшеті егілген. 36 гектар жерге орналасқан 6 орман тұқымбағы бар.
Мұрат Әйтімбетов, «Сырдария-Түркістан»мемлекеттік өңірлік табиғи паркі директорының орынбасары:
Тазалық жұмыстары аптасына бір рет мемлекеттік инспекторлардың тарапынан өздеріне қарасты аумақтарда жүргізіліп отырады. Бұнда демалушыларға арнайы кіруге рұқсат құжаттары беріледі. Журналдарға тіркеледі, техникалық қауіпсіздік таныстырылады. Аумақты таза ұстау, қоқыс қалдықтарын өздерімен бірге алып кету болмаса арнайы қоқыс орындарына тастау талап етіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02