ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Астанада бас қосты
Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. Қазақстан төрағалық еткен отырысқа Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның ведомство басшылары қатысты. Сонымен бірге, ұйымның Бас хатшысы мен Беларусь Қорғаныс министрі шақырылған. Ал Иран ұйымға мүше ел ретінде кеңеске биыл алғаш рет қатысып отыр. Басқосуда халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, мұның әскери-саяси ұйым еместігі, өзара байланыс басқа елдерге қарсы бағытталмағаны ерекше атап өтілді.
Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:
Кеңес әскери саладағы өзара сенімді нығайтуға, өңірлік қауіпсіздіктің сын- қатерлеріне қарсы шараларды үйлестіруге бағытталған. Осыған байланысты бүгін терроризмге қарсы бірлескен «Бейбіт миссия» әскери оқу-жаттығуларын өткізуді әрі қарай жалғастыру қажеттігі талқыланды. Қарулы күштер қызметін насихаттау мақсатында қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери-тарихи мұражайлар арасындағы байланысты дамытуға келісті.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02