Су тасқыны: Үй құрылысы үш айда аяқталуы тиіс
Тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспана үш ай ішінде дайын болуы тиіс. Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаев құрылыс жұмыстарын сапалы әрі жедел жүргізуге барлық мүмкіндік қарастырылғанын атап өтті.
Вице-премьер өзімен бірге елімізге белгілі меценаттар мен ірі қорлардың өкілдерін ертіп барды. Тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспана негізінен, демеушілер есебінен бой көтереді. Әзірге белгілісі, облыс бойынша 18 миллиард теңгеге 651 үй салынады. 9,7 миллиардқа тағы 398 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, тұрғындардың өтініші бойынша дайын үйлер де сатып алынуда. Қанат Бозымбаев табиғи апаттың зардабын жоюға бағытталған жұмыстармен де танысты.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:Үйлерді сатып алуға немесе салуға қаржы бөлініп жатыр. Басқа шығындар – бұзылған көпірлер, жолдар, электр торабы – оның бәрі бюджет есебінен төленетін болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08