Бишімбаев ісі: Судья алқабилермен бірге кеңесу бөлмесіне кетті
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бүгін сот үкімі шығуы мүмкін. Судья алқабилерге арналған сұрақтар тізімін жариялап, кеңесуге кетті. Сот алқасы дауыс беріп жатыр. Бұл процесс қалай өтеді?
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Дауыс беру әлі жүріп жатқан сияқты. Себебі алқа билер кеңесуге кеткен. Бүгінгі отырыста судья алқабилерге қойылатын сұрақтарды жариялады. Қуандық Бишімбаевқа қылмыстық кодекстің 99-бабы және 110-бабы бойынша айып тағылған. Азаптау бабы бойынша 4 сауалға, аса қатыгездікпен кісі өлтіруі бабы бойынша 6 сұраққа алқа билер жауап беруі тиіс. Дауыс беру жасырын әрі жазбаша өтеді. Және 10 алқа би мүшесі мен судьяның дауысы бірдей болып саналады.
Сот үкімінің қашан оқылатыны белгісіз. Бүгін түстен кейін белгілі болатын шығар. Қазір үкімді күткен БАҚ өкілдері сот ғимаратынан кеткен жоқ. Жалпы бұл соттың үкімін бүкіл ел, тіпті әлем жұрты күтіп отыр десек болады. Өйткені бұл іс халықаралық сипат алған. Ал, сот процессінің өзі бір жарым айға созылып, Жоғарғы соттың тікелей эфирінде көрсетілді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
12.12.2025, 20:56
Ақмола облысында жыл басынан бері 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
12.12.2025, 20:53
Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
12.12.2025, 20:51
Мүгедектігі бар 522 мыңнан аса азаматқа керек құрал тегін берілді
12.12.2025, 20:48
Астаналық кәсіпкер дүкенін 4 мың көк шар және 1000 тумен безендірген
12.12.2025, 20:46
Мемлекеттік кірістер жүйесінде калькулятор фунциясы қосылады
12.12.2025, 20:44
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12