«Наурыз» бағдарламасы бойынша 9000 өтініш қабылданды
«Наурыз» бағдарламасы бойынша 9 мыңға жуық азаматтың өтініші қабылданды. 25 сәуірден бастап 17 мыңнан астам адам жаңа бағдарламаға құжат тапсырған. Оның 4 мыңға жуығы тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ өкілдері. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі аз қамтылған отбасылар үшін 7, өзгелер үшін 9 пайыз. Бастапқы жарна үй құнының 20 процентінен кем болмауы тиіс. Қарыз 19 жылға беріледі. Ипотекаға құжат тапсыру маусымның соңына дейін жалғасады.
Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы:Жоба аясында түскен өтініштердің 57%-ы әйелдерге тиесілі, ал барлық өтініштің 62%-ы 35 жасқа дейінгі жастар саналады. Өтініш берген ең жас азамат – Түркістан облысының тұрғыны. Ол – 18 жаста.
Ал тасқыннан зардап шеккен отбасыларды баспанамен қамту үшін жаңадан ипотекалық бағдарлама құрылуы мүмкін. Бұл шара өңір әкімдіктерімен бірлесіп іске асырылады. Бүгінде Батыс Қазақстан облысынан көп өтініш түскен. Жаңа ипотека 2-5 пайызбен берілуі мүмкін.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02