Қазақстан-Қытай: Сауда-саттық көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 40 млрд долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ендігі мақсат сауда-саттық көлемін 100 млрд долларға жеткізу. Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунды қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Әңгімелесу барысында қазақ-қытай стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Төрағасы Си Цзиньпин қол жеткізген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды. Ал, Лю Гочжун Қытай мен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:Қазақстан Қытайдың сенімді серіктесі. Екіжақты қарым-қатынасты мүлде жаңа деңгейге көтеру еліміз үшін аса маңызды. Сондықтан Қазақстан Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестік пен достықты әрі қарай дамытуға мүдделі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 40 миллиард долларға жетті. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Біз мұны 100 миллиард долларға дейін жеткізуді көздеп отырмыз.
Лю Гочжун ,ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары:Сіз осы жылдар ішінде Қытай мен Қазақстан қатынасының дамуына сүбелі үлес қостыңыз. Мұны Қытай тарапы жоғары бағалайды. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз қуатты, гүлденген Жаңа Қазақстанды құру жолында ілгерілей беретініне сенімдімін. Қытай мен Қазақстан – тату көршілер және сенімді серіктестер.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілді
12.12.2025, 20:56
Ақмола облысында жыл басынан бері 1 трлн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді
12.12.2025, 20:53
Ұлттық комиссия кәсіпкер әйелдерді қолдау шараларын күшейтеді
12.12.2025, 20:51
Мүгедектігі бар 522 мыңнан аса азаматқа керек құрал тегін берілді
12.12.2025, 20:48
Астаналық кәсіпкер дүкенін 4 мың көк шар және 1000 тумен безендірген
12.12.2025, 20:46
Мемлекеттік кірістер жүйесінде калькулятор фунциясы қосылады
12.12.2025, 20:44
Пойыздағы улану оқиғасы: Жансақтау бөліміндегі екі бала бөлімшеге ауыстырылды
12.12.2025, 20:15
Астанадағы дәмханалардың бірінде болған жарылысқа қатысты сараптама жұмыстары басталды
12.12.2025, 20:12