Кейбір кәсіпкерлер үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталмақ
Ал еліміздегі кейбір кәсіпкерлер үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталады. Енді кредитті заңсыз алған немесе мақсатсыз пайдаланғандар, бухгалтерлік жалған есеп бергендер түрмеге қамалмайды. Оларға қомақты айыппұл салынады. Мәжіліс кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған заң жобасын қабылдады. Депутат Абзал Құспанның айтуынша, бұл түзетулер бизнес жүргізуді әділ әрі қолайлы ету, кәсіпкерлердің шығынға ұшырауына жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Банк пен несие алушының арасындағы қарым-қатынас. Осы жерде бір теңсіздік бар. Егер банк кәсіпкердің құқығын бұзатын болса, бұл азаматтық құқықтық қарым-қатынас. Ал егер кәсіпкер шарттық міндеттемелерін орындамайтын болса, онда ол қылмыс болып есептеледі де, оған міндетті түрде құқық қорғау органдары араласып, солар тергейді. Бұл - әділетсіздік.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02