Түркістан облысында 150 мың түп ағаш отырғызылды
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында, 1,5 мыңға жуық шара өтіп, оған 67 мыңнан астам адам атсалысты. Өңірде 150 мың түп ағаш отырғызылып, жасыл желек аумағы кеңейе түскен. Сондай-ақ, аяқжолдар тазаланып, 346 саябақ және алаңдар ретке келтірілді.Барлық аудан-қалалардағы көлдер мен өзендердің бойларында сенбіліктер өтті.
Мәселен, Қазығұрт ауданының тұрғындары «Мәңгілік ел» саябағында 10 гектар аумақты қоқыстан тазартты. Мемлекеттік қызметшілер мен белсенді жастар, еріктілер мен ауыл тұрғындары шөптерді орып, ағаштарды бұтап, әктеп шықты.
Райымбек Айтубай - Қазығұрт ауданының тұрғыны
Болашақ ұрпағымызға таза ел, таза ауа сияқты мәдениетті қалыптастыруға өте үлкен рөл атқаруда. Болашақ ұрпақ осында таза елімізде, таза мемлекетімізде өсіп, елімізді дамытуға атсалысады. Жаңа Қазақстанның бастамасы бұл деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02