Ақтөбеде жаппай төбелес болып, бір адам көз жұмды
Ақтөбеде өткен түнде жастар арасында жаппай төбелес болып, ауруханаға 18 бен 22 жас аралығындағы бірнеше адам жеткізілген. Олардың бірі жан сақтау бөлімінде көз жұмды.
Жақсыбек Кемал, Тілші:
Оқиға қала сыртындағы мал базар аумағында болған. Жастар топ болып төбелесіп, арты осындай қайғылы жағдаймен аяқталып отыр. Қаза тапқан 18 жастағы жігіт шаһардағы колледждердің бірінде оқыған. Ұстаздарының айтуынша, үлгілі, мақтаулы шәкірттерінің бірі болыпты. Ол пышақ және оқ жарақатын алған. Полицейлер күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.
Ерболат Сарқұлов, Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Полиция осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт азаматты «ізін суытпай» анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру және бұзақылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жақсыбек Кемал, Тілші:
Ауруханада қазір 8 бала жатыр. Олар оқ және пышақ жарақатын алған. Жағдайлары жақсы. Қылмыстық істі тергеу барысын облыстық Полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алды.
Жақсыбек Кемал,
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08