Осы аптаның соңына дейін тасқын шығынын есептеп бітіру қажет - Олжас Бектенов
Олжас Бектенов өңір әкімдеріне су тасқынынан келкен шығынды есептеуге осы апта соңына дейін уақыт берді. Ал бұл жұмыстарды Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатаң бақылауда ұстауы қажет. Бұл жайлы толығырақ Үкімет отырысына қатысқан Айя Мүтәлі айтып береді.
Айя Мүтәлі, Тілші:
Бүгінгі отырыс тасқыннан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру жұмыстары бойынша есеп беруден басталды. Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтің мәліметінше, еліміз бойынша 12 мыңнан астам баспананы су басқан. 5 мыңнан астам саяжай үйі зардап шеккен. Ал арнайы комиссия бүлінген баспаналардың 84 пайызын ғана техникалық тексеруден өткізіп үлгеріпті. Нәтижесінде олар 4 мыңнан астам үйді апатты, 9 мыңнан астам үйді жөндеу керектігі туралы қорытынды шығарған. Дегенмен, вице-премьер де, Үкімет басшысы да су басқан өңірлерде шығынды есептеу жұмыстары әлі баяу жүріп жатқанын айтады. Әсіресе, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының есебі көңіл көншітпейді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Сондықтан әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей барынша тездету керек.
Айя Мүтәлі, Тілші:
Ал Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев бұл жұмысты қатаң бақылауда ұстауға жауапты. Жалпы Үкімет жаңа оқу жылына дейін тасқыннан зардап шеккен тұрғындар баспаналы болуы қажет деп отыр. Ал бүгінде 2 мыңға жуық үйдің құрылысы басталып, 3 500-ге жуық баспананы сатып алу жоспарланған.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00