️Еліміздегі мектептерге вейп алып кіруге тыйым салынады
Еліміздегі оқу орнындарына кіргізуге тыйым салынған заттардың тізімі жаңартылды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы бұйрығы жарияланды. Екі аптадан кейін күшіне енеді.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Жазғы демалысқа қарамастан мектептегі баланың қауіпсіздігін күшейту жұмыстары тоқтаған жоқ. Оқу ағарту министрлігінің бұйрығымен білім беру ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған тізім тағы да кеңейді. Қандай заттарға тыйым салынғанына тоқталсақ. Оқушылар мектепке оқ-дәрі, жарылғыш және тез жанатын, химиялық және улы заттар әкелуіне болмайды. Көрші елдегі білім беру ұйымдарына жасалған қарулы шабуылдардан кейін қауіпсіздік басты назарда. Оқу ғимаратына отшашу, пиротехниканы кіргізуге болмайды. Тыйым салынған заттардың ішінде сіріңке, оттықтар да бар. Бұл әрине өрт қауіпсіздігін сақтау үшін қажет екені түсінікті. Көзден жас ағызатын, бұрышты газ балондарын да ғимаратқа кіргізуге тыйым салынған. Негізі тыйым салынған тізімде бұл заттар бұрыннан бар. Биыл қосылғандары темекі өнімдері, вейптер және оның дәмдеуіштері. Кей белсенділердің жүргізген әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы бойынша оқушыларының тең жартысы Вейп шегіп көрген. Заң бойынша тыйым салынғанымен әлі де сатылып жатыр. Соңғы 2 жылда елімізде электронды темекінің айналымы 300 есе артқан. Осы уақыт аралығында ел аумағына 3 млн дана вейп шекарадан кіргізіліпті. Министрліктің бұл бұйрығы 20 маусымнан бастап күшіне енеді. Балалардың тыйым салынған заттарды мектепке кіргізгені үшін ата-анасы мен заңды өкілдері жауапты екенін айта кеткен жөн.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02