Ормандардағы өрт қауіпсіздігі тиісті деңгейде емес - Мәжіліс депутаты
Еліміздің ормандарындағы өрт қауіпсіздігі биыл да тиісті деңгейде емес. Табиғи парктер қажетті техникамен толық қамтылмаған, қызметкерлердің жағдайы жасалмаған. Құтқарушылар да ауқымды өрт бола қалса күреске дайын емес. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Үкіметке осылай деп депутаттық сауал жолдады. Өрт ошақтарын ерте анықтайтын мүмкіндік жоқ. Барлық орманның тек 2 пайызы ғана автоматтандырылған жүйемен қамтылған. Ну орманы бар облыстарда әуеден бақылау жүргізу үшін арнайы дрондар да алынбаған. Сондықтан шұғыл түрде үкімет деңгейінде штаб құрып, мәселені шешу керек, - деді ол.
Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Еліміздің ормандарында кемі 729 арнайы станция болуы тиіс. Бірақ қазір 254 қана станция жұмыс істеп тұр. Олардың өзі өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған. Станцияларды қалыпқа келтіру жұмыстары өте баяу жүріп жатыр. Өртке қарсы құрылғылардың анық есебі де жоқ. Көп құрылғы қағаз жүзінде болғанымен іс жүзінде жоқ немесе пайдалануға жарамсыз. Мәселен станциялардағы 1145 техниканың жартысынан көбі жұмысқа жарамсыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02