Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін жаңа жоба іске қосылды
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру үшін пилоттық режимде «Цифрлық айна» жобасы іске аса бастады. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері жаңа жобаның жұмыс істеу механизмін түсіндірді. Оның негізінде тауар өндірілгеннен бастап тұтынушыға жеткенге дейін мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлермен бағаны тұрақтандыру бойынша жасаған келісімдері толық көрінеді. Қазірдің өзінде құны 83 млрд теңгеден асатын 400-ге жуық келісім осы жоба аясында зерттеліп жатыр. Бағаны негізсіз көтеру немесе келісім шарттарын толық орындамау деректері анықталса бірден шара қолданылады. «Цифрлық айна» бағаны тұрақтандырудың өте тиімді тәсіліне айналады деп отыр мамандар.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07