«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны басталды
Алматыда «Айбын» X халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны басталды. Оған Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан жас патриоттар командалары, барлығы 750 адам жиналды. Шара Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды. Әуелі ұлттық спорт түрлерінен АК-74 автоматты қаруын толық бөлшектеу мен құрастырудан бірқатар жарыс ұйымдастырылды. Алдағы күндері Әскери техниканың, спорттық жабдықтардың көрмесі, түрлі ойындар, концерттер, дәрістер өткізіліп, Халық қаһарманы туралы фильмдер көрсетіледі.
Бахыт Темірлан, «Алатау қырандары» тобының командирі:
«Айбын» бұл өте керемет патриоттық сезімді оятатын жиын деп санаймын. Осы жылы «Айбынның» 10 жылдығына орай және Сағадат Нұрмағамбетов атамыздың 100 жыл болды туғанына соған орай бізге 5 мемлекеттің қатысушылары келді. Жалпы осы жиында біз өзіміздің ар-намысымызды көрсетіп, әскери дайындығымызды біздің мемлекеттік рәміздерімізді көтеріп және әскери патриоттық сезімізді көтеруге келген болатынбыз.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07