«IQanat» олимпиадасы қорытындыланды
Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында IQanat олимпиадасының финалы өтті. Ауқымды сайыс 8 айы бойы, республика бойынша ауыл балаларының арасында ұйымдастырылды. Бірінші кезеңге қатысқан 50 мыңнан аса оқушының ішінен 1000 бала іріктелді.Марапаттау рәсімінде Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында оқитын 100 баланының есімі анықталды. Тағы жүз жасөспірім жоғары оқу орындарына түсуге арналған тереңдетілген дайындық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Қалған 800 финалист үш жыл ішінде тәжірибелі оқытушылардан тәлім алады. Орталықта оқушыларды ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға дайындап, ағылшын тілін үйретеді. Қазір жоба түлектері әлемнің 15 елінде білім алып жатыр.
Шырын Думанқызы, «Iqanat» олимпиадасының финалисі:
«Iqanat» олимпиадасында берілген 5 пәннің ішінен математика пәнін таңдап келдім. Келген күннен бастап бізге көптеген мүмкіндік берді. Бізде көптеген тренингтер болды. Және біз көптеген танымал тұлғалармен кездестік. Және бізде бизнес бойынша сабақ өткізілді. Сонымен қатар өзіміз топқа бөлініп жаңа орта, жаңа облыстармен таныстық.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15