Абай атындағы ҚазҰПУ филиалы Өзбекстанда ашылады
Бұл туралы «Науаи мен Абай: жалпы адамзаттық құндылықтар сабақтастығы» атты халықаралық форумында айтылды. Шара аясында аталған оқу орнында «Әлішер Науаи орталығы» ашылды. Жиынға Самарқанд, Ташкент қалаларынан келген делегация қатысты. Енді бірлескен жоба барысында екі елдің оқытушылары мен студенттері тәжірибе алмасады. Қос елдің ғалымдары Науаи мен Абайдың сирек кездесетін қолжазбаларына шолу жасап, мол мұрасына зерттеу жүргізе алады.
Болат Тілеп, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Ректоры:
Бұдан бөлек Өзбекстанның оқытушыларымен біздің профессорлар тығыз жұмыс істейді. Бұл ретте ең алдымен педагогикалық бағытта жұмыс істеп, методикамызды бөлісіп, ынтымақтастық орнатып отырмыз.
Өсербай Байқабылов, Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті /Өзбекстан/:
Науаи мен Абайды біз ажыртпаймыз. Себебі, бұлар етене жақын, еңбектері де шығармалары да бір-біріне туыстас, жақын деп ойлаймыз. Сол жөнінде дәріс беріп, студенттерімізге Науаи шығармаларын да танытуымыз керек.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15