Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек ҰБТ-дан 140 ұпай жинады
Алматы облысы Қарабұлақ ауылындағы №22 мектептің түлегі Жаннұр Еңсебек, ҰБТ сынағында ең жоғары ұпай жинады. Ол 140 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген. Жаннұр білім ұясында 11 жыл бойы үздік оқыған. «Алтын белгіге» үміткер. Ізденімпаз Жаннұр математика, физика салаларына жүйрік. Ол IT саласын таңдап, отандық жоғары оқу орнына түсуге бел буып отыр.
Жаннұр Еңсебек, жас түлек:
Негізі мен үшін оңай болды, ана баллды көрген кезде қуаныштан атып тұрдым. ҰБТ-ға дайындық барысында әр күн сайын жоспар құрып, жоспармен жүрдім. Оныншы сыныптың қазан айында білімімді жетілдіріп курсқа қатыстым.
Жаңагүл Молдабекова, Қарабұлақ ауылы №22 мектептің директоры:
Жаннұр – зерек оқушы, жан-жақты десек те болады. Қандай жарыстарға бармасын жүлдемен келеді. Пәндік олимпиада бойынша ауданымызда бірінші орын алып, одан облыстан үшінші орын алып келген болатын Жаннұр тек қана пәндерден сабақтан емес, домбыра шертеді, сурет салады. Суреттері де жүлделі орынмен келеді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15