Барахолкадағы өрттің неден шыққаны белгісіз
Алматыда ірі базарлардың бірінен өрт шықты. Қазір мамандар «Мизам» сауда нысанындағы аспалы шамдар сақталған екі қабатты қоймадағы қызыл жалынды сөндіріп жатыр. Оқиға орнына жеткен әріптесім Айдана Қуантхан тікелей байланысқа шығып тұр.
Айдана Қуантхан, тілші:
Біз қазір өрт болған аумақта тұрмыз. Алапат өрттің ауқымдылығы соншалықты, будақтаған түтін қаланың барлық ауданынан көрінді. Ал қызыл жалынның тұтанғаны туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне кешкі бестер шамасында түскен. Өрт сөндірушілер мұнда бес минутта жеткен. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 100-ден астам адам мен 25-ке жуық техника жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек төтеншеліктерден басқа, бір тікұшақ жұмылдырылды. Әуеден бірнеше рет су төгілді. Өрт алдын ала 1600 шаршы метр алаңда оқшауланды. Ал әзірге қызыл жалынның неден шыққаны белгісіз. Абырой болғанда адамдар дін аман.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15