Маңғыстауда 10 жасар бала суға кете жаздады
Жеткіншек ата-анасымен бірге Құрық ауылындағы теңіз жағалауына барып, үрлемелі шеңбермен суға түскен. Толқынның салдарынан бала жағалаудан 300 метрдей қашыққа кетіп қалған.
Абырой болғанда, сол аумақта кезекшілікте жүрген мамандар жеткіншекті құтқарып қалды. Аймақта жыл басынан бері 9 адам суға кеткен. Оның екеуі - бала. Ал 51 адам судан құтқарылды.
Альберт Омаров - ТЖД Жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:
Баланың жағдайы жақсы. Кішкене шошынған. Ата-анасына тапсырылды. Алғашқы көмек қажет болған жоқ. Қаншама үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан қауіпті аймақтарға, суға түспейтін жерлерге сонда да балалар түседі. Тыңдамайды. Әкімшілік хаттама толтырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03